Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД патрульдік полиция қызметкерлері 3 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде ВАЗ-2110 автокөлігін тексеру мақсатында тоқтатпақ болған, алайда оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, әрі қарай қозғалысын жалғастырған. 

Патрульдік экипаж автокөліктің артынан әрі қарай еріп жүру барысында заңды талаптарға бағынбауына байланыста қосымша жақын маңдағы патрульдік жасақтардың көмегімен  Барбастау кентінің маңында тоқтатылды. 

Тексеру барысында жүргізуші бұрын соңды 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы, оның облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқару және алкогольдік масаң күйде болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.

Және де көлік құралын тоқтату туралы полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге бұл іс-әрекеті үшін алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру