Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер күштік құрылымдар арасындағы жарыста үздік атанды

БҚО-да полицейлер күштік құрылымдар арасындағы жарыста үздік атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің командасы күштік құрылымдар арасында өткен спорттық жарыста жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

14–15 қазан күндері Орал қаласындағы "Жайық Арена" спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған бұл сайысқа өңірдің сегіз күштік құрылымынан 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтылықтарын сынады.

Жарыс үш спорт түрі бойынша өтті: қол күресі, гір спорты және қоян-қолтық ұрыс. Әр қатысушы өзінің дайындығы мен шыдамдылығын көрсетіп, командалық рух пен тәртіптің үлгісін танытты.

Жалпы командалық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің командасы үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Барлық қатысушылар медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың басты мақсаты – күштік құрылымдар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби және физикалық дайындық деңгейін арттыру болды.

Осындай іс-шаралар қызметкерлердің рухын көтеріп, спорт арқылы жігер мен ерік-жігерді шыңдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру