Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер мен еріктілер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ауқымды профилактикалық акция өткізді. Іс-шара облыс орталығындағы бірнеше ірі базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары және сауда үйлерін қамтыды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындарды интернеттегі алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру және ең кең таралған алаяқтық схемалары туралы ескерту болды. Полиция қызметкерлері сауда орындарының келушілеріне күмәнді онлайн-сделкалармен қалай әрекет ету керектігі және алаяқтарды қалай тануға болатыны туралы түсіндірді.

Іс-шара барысында интернет-алаяқтық әдістері және жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер берілген 5 мыңға жуық ақпараттық хабарлама таратылды. Сондай-ақ барлық жастағы азаматтармен, әсіресе алаяқтыққа жиі ұшырайтын қарт адамдармен консультациялар мен әңгімелесу жүргізілді.

– Интернет-алаяқтық соңғы жылдары азаматтардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін басты факторлардың біріне айналды. Адамдар тек алдауға түспеу жолдарын біліп қана қоймай, көмекке уақытында жүгінуді де меңгергені маңызды. Бүгінгі акция халықтың ақпараттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тағы бір қадам болды, — деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Артур Мусагалиев.

Осындай іс-шаралар болашақта да жалғасын тауып, барлық азаматтардың цифрлық кеңістікте өздерін қорғау деңгейін арттыру мақсатында жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру