Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті

БҚО-да полицейлер жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Самара – Шымкент тас жолының батыс бағытындағы 404-шақырымында Volvo жүк көлігі жол жиегіне шығып, қарға батып қалған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл жағдайды патрульдеу кезінде байқап, жолда қалған жүргізушіге жедел әрі жан-жақты көмек көрсетті.

Қызметкерлер алдымен көліктің айналасын қардан тазалап, Сырым ауданы Жымпиты ауылынан арнайы техниканы ұйымдастырып, жүк көлігін қар құрсауынан шығарып, қайтадан трассаға шығарды. Батальон қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жол қозғалысы қалпына келтіріліп, қауіпсіздік толық қамтамасыз етілді.

Жүргізуші көрсетілген кәсіби көмек пен қолдау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетерлігі, бұған дейін де патрульдік полиция қызметкерлері жолда қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсеткен.

Мысалы, Орал – Тасқала – РФ шекарасы тасжолында Өзбекстан азаматы басқарған ірі жүк көлігі техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған. Патрульдік полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көлікті қауіпсіз жерге шығарып, автослесарь шақырып, жөндеуге көмектесті.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтарға қиын жағдайда қолдау көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру