Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады

БҚО-да полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін “Suncar Smart Qorgau” автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған. Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды. 

Негізінен заң бұзушылықтар жылдамдық режимінен асып кетумен байланысты болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр.         

Айта кету керек, жүргізуші айыппұл сомасының 50% төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру