Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция департаментінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің кездесуі өтті

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрман Джумабаевтың қатысуымен жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің кездесуі ұйымдастырылды. Бұл шараға департаменттің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері қатысып, тәжірибе алмасып, құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Құрман Жүнісович өзінің қызметте жинаған мол тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби дамудағы тәлімгерлік рөлінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол жастардың кәсіби деңгейін көтеру, жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын ұстанудың құқық қорғау саласындағы маңызды аспектілер екенін айтты.

Тәлімгерлер мен жас қызметкерлер кездесу барысында өздерінің сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Мұндай кездесулер құқық қорғау органдарында күшті, жауапкершілігі жоғары ұжым қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ жас қызметкерлердің кәсіби және жеке дамуына маңызды үлес қосатынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру