Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция интернет-алаяқтығын ашып, жәбірленушіге 700 мың теңгесін қайтарды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында полиция қызметкерлері «Instagram» әлеуметтік желісінде жасалған алаяқтықты ашып, жәбірленушіге 700 мың теңгені қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының басында 20 жастағы азаматша әлеуметтік желі арқылы Тайландқа арзан тур ұйымдастыратынын айтып, өзіне танысқан адамға 700 мың теңге аударған. Алайда алаяқ ешқандай тур ұйымдастырмай, ақшаны алып, із-түссіз жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Нәтижесінде жәбірленушінің шығыны толық өтеліп, ақшасы қайтарылды.

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне қылмысты жылдам ашып, қаражатты қайтарғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру