БҚО-да полиция көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтады
БҚО-да полиция көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13–17 қазан аралығында елімізде "Заңсыз келуші - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көші-қон ағындарын бақылау және заңсыз көші-қон әрекеттерінің алдын алу.
Іс-шараның алғашқы күнінде Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары көші-қон саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Соның ішінде:
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан көші-қон заңнамасын бұзудың 31 дерегі;
- шетел азаматтарын қабылдаған тұлғаларға қатысты 23 заң бұзушылық;
- шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 6 фактісі тіркелді.
- Сонымен қатар көші-қон ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 шетелдік азаматты елден шығару туралы сот шешімдері қабылданды.
Полиция департаменті көші-қон саласындағы бақылауды күшейтіп, заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы шараларды тұрақты түрде жалғастырады.