Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция қызметкерлері медициналық колледж студенттерімен кездесті

БҚО ПД есірткі қылмыса қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері медициналық колледж студенттерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде "Заң және тәртіп" қағидатын нығайту аясында нашақолықтың алдын алуға бағытталған шара өтті. Кездесудің барысында полиция қызметкерлері 300-ге жуық студенттерге есірткінің зияны туралы ескертіп, оларды қолдану мен таратудың заңды салдары туралы айтты.

- Біздің міндетіміз – қылмыскерлерді анықтап қана қоймай, жастар арасында есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осыған байланысты нашақорлықтың алдын алуда оқу орындарымен тығыз жұмыс істеуді жалғастырамыз, – деп атап өтті БҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Марат Сугуров.

Сонымен қатар полицейлер студенттерге "оңай табыс" туралы ақпарат беріп, бұл көбінесе заңсыз әрекеттерге әкеліп соғатынын ескертті. Сондай-ақ цифрлық дәуірде қылмыскерлер есірткі заттарын сату үшін интернет пен мессенджерлерді көбірек қолданатынына ерекше назар аударылды.

Соңында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру