БҚО-да полиция қызметкерлері тұрғыннан ақбөкеннің 12 мүйізін тәркіледі
БҚО-да полиция қызметкерлері Орал қаласының тұрғынынан ақбөкеннің 12 мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады, одан 12 дана ақбөкен мүйізі табылып, тәркіленді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алынған мүйіздер сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыс полицейлері кезекші тәулікте 48 қылмысты ашты. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 45 азамат ұсталды.
Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 197 азамат оқшауланды, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 42 адам жеткізілді, сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 6 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.
Аталған іс-шара барысында 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 236 ұсақ бұзақылық, 258 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру. Сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқарған 33 жүргізуші ұсталды.