Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация есебінде тұрған азаматқа қатысты ашық сот отырысы өтті

БҚО-да пробация есебінде тұрған азаматқа қатысты ашық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шыңғырлау аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық сот қабырғасында пробация қызметінің есебінде тұрған Э. есімді азаматқа қатысты жазаны ауыстыру мәселесі бойынша ашық сот отырысы өткізілді. Сот процесіне пробациялық бақылауда тұрған бес тұлға арнайы шақырылып, қоғамдық бақылау мен құқықтық тәрбиенің үлгісі ретінде қатысты.

Аталған азамат 2024 жылдың 4 қазанында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі, 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармақшасы, 58-бабының 2 және 3-бөліктері, сондай-ақ 63-бабы негізінде кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалған болатын. Сонымен қатар пробациялық бақылау белгіленген еді.

Алайда жаза өтеу кезеңінде ол бірнеше рет Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігін, 461-бабының 1-бөлігін және 669-бабының 2-бөлігін бұзған. Осыған байланысты Шыңғырлау аудандық пробация қызметі 2025 жылдың 18 ақпанында сотқа шартты жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.

Сот ұсынысты қарап, 2025 жылдың 24 ақпанында жазаны өтеу шарттарын өрескел бұзғаны үшін сотталған азаматқа қатысты пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандыру жөнінде шешім шығарды. Сот қаулысымен оның бұрынғы шартты жазасы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Аталған қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру