Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация есебіндегі жастарға теолог маманмен кездесу ұйымдастырылды

БҚО-да пробация есебіндегі жастармен теолог маманның кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында пробация қызметінің есебінде тұрған жастарды қолдау және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында кезекті кездесу ұйымдастырылды.

21 қаңтарында БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметі және Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен пробация есебіндегі жастар мен теолог маманның жеке кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - жастардың діни сауаттылығын арттыру, эстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, қоғамға бейімделуіне және өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға қолдау көрсету болды.

Кездесу барысында теолог маман діни экстремизмнің қаупі, оның қоғамға тигізер зардабы туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жастарға негізгі діни ұстанымдар мен дұрыс ақпарат көздері туралы мағлұмат беріліп, олардың жеке сұрақтары талқыланды. Сарапшы тарапынан нақты кеңестер ұсынылып, әлеуметтік және рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мотивациялық қолдау көрсетілді.

Осындай кездесулер пробация есебіндегі жастардың өзекті мәселелерін анықтауға, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынуға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру