Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация қызметі "Балыққа ауа жібереміз" экологиялық акциясына атсалысты

БҚО-да пробация қызметі "Балыққа ауа жібереміз" экологиялық акциясына атсалысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйтерек ауданында табиғатты қорғауға бағытталған игі бастама жүзеге асты. 20 ақпан күні аудандық №1 пробация қызметі, Бәйтерек аудандық ресурстық орталығы және Переметный ауылдық округі әкімдігі бірлесіп, "Балыққа ауа жібереміз" атты экологиялық акция ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – қыс мезгілінде су айдындарындағы қалың мұз салдарынан оттегінің жетіспеуі себепті балықтардың жаппай қырылуының алдын алу. Осыған орай пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мұзды ойып, су астына оттегінің түсуіне жағдай жасады.

Акцияға қатысушылар арнайы құралдар – мұз ойғыш бұрғыларды пайдаланып, бірнеше ойық жасап, судағы тіршілік иелеріне көмек қолын созды. Бұл шара табиғатты қорғау ісіне үлес қосып қана қоймай, қоғамның әртүрлі топтарын біріктіретін игі бастама ретінде де маңызға ие.

Табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті. Осындай бастамалар қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Видео • YouTube

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру