БҚО-да пробация қызметі түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шығып кеткен есептегі азаматты анықтады
БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметі түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шығып кеткен есептегі тұлғаны анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Орал қалалық пробация қызметі 2024 жылдан бастап сотталғандарға бақылауды күшейту мақсатында заң бұзушылыққа жол берген есепте тұрған тұлғаларға электрондық бақылау құралдарын қолдануды бастады.
Жуырда "Есептегі тұлға" жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг барысында есепте тұрған сотталғандардың бірі түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шығып кеткені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол сот үкімімен белгіленген сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғылықты мекенжайынан шықпау міндетін бұзды.
Пробация қызметінің инспекторы мен учаскелік полиция инспекторы жедел түрде оның жүрген жерін анықтап, қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында мекенжайына жеткізді. Енді сотталғанның тәртіп бұзуына байланысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін сотта қарау үшін ұсыныс жолданатын болады.