БҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған жасөспірімге колледжге түсуге көмектесті
БҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған жасөспірімге колледжге түсуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты 2 Бәйтерек аудандық пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмаған «А» есімді сотталған бас бостандығынан шектеу жаза түрімен есепте тұр.
Тілдесу барысында сотталғанның қазіргі уақытта орта арнаулы білімі жоқ екендігі анықталды, осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері «Бәйтерек колледжі» МКҚК-на жолығып сотталған таңдаған дәнекерлеуші мамандығына оқуға түсуге жәрдемдесті. Бұл оқу орнында тегін жатақхана, түскі ас және шәкіртақы бөлінген.
Пробация қызметінің басты мақсаты – ол сотталған тұлғаны қоғамға қосып, оның мінез құлқын жағымды жаққа бұру.