Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да сирек кездесетін жануарлар түрлерін заңсыз айналымға шығаруға тосқауыл қойылды

Батыс Қазақстан облысында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін заңсыз айналымға шығаруға тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бағыттағы арнайы іс-шараны полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаменті қызметкерлері бірлесіп өткізді.

Іс-шара барысында Орал – Атырау тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде ішінде 291 дана киік мүйізі салынған екі үлкен қорап табылды.

Тексеру нәтижесінде аталған мүйіздер көлік жолаушысы – Бөкей ордасы ауданының 1982 жылы туған тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, мұндай құқықбұзушылық үшін үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру