Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да сотталғандар арасында қол күресінен жарыс өтті

БҚО-ның Бөрлі ауданында сотталғандар арасында қол күресінен жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөрлі ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында қол күресінен (армрестлинг) спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Бөрлі аудандық пробация қызметі мен Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бірлесуімен өткізілді.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-жігерін, төзімділігін және әділ спорттық бәсекеге деген ұмтылысын көрсетті. Іс-шара достық әрі қолдауға толы атмосферада өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты - сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру