БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған зат кіргізбек болған
БҚО-да тергеу изоляторында тыйым салынған заттың өтуіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №74 мекемесінде тыйым салынған затты алып кіруге талпынған азамат анықталды. Аталған зат қамауда отырған сотталғанның біріне арналған болатын.
Мекеменің бақылау-өткізу пунктінде бақылаушы А.Хайруллина азаматтық қорғау белгіленген азаматшаны тексеру барысында оның оң жақ аяғындағы шұлығының ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған пакетті анықтады. Болжам бойынша күрделі тәсілдермен жасырылған бұл зат насыбай болуы мүмкін.
Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылып, іс материалдары Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
БҚО бойынша ҚАЖ департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Тергеу изоляторы аумағына тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
№74 мекемесі арнайы контингенттің туыстарына мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізуге болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттерге барған жағдайда, заң аясында әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын тағы бір мәрте назарға салады.