БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған азамат анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздігі аралас №74 мекемесінде айыпталушыларға әкелінген азық-түлікке жүргізілген тексеріс барысында тыйым салынған затты жасырып өткізу дерегі әшкереленді.
Режим бөлімінің қызметкерлері – Т. Балажанов пен А. Бисембаев – сәтті өткізілген тексеріс нәтижесінде сүзбе ірімшігі құйылған шелек ішінен жасырылған екі ұялы телефонды тапты. Белгілі болғандай, айыпталушының танысы тыйым салынған байланыс құралдарын осындай айламен ішке өткізбек болған.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс материалдары Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.