Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына тыйым салынған заттардың өтуіне жол берілмеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №74 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді. Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеменің тексеріп-өткізу пункті қызметкерлері ерекше иісі бар жасыл түсті марихуана және Altel операторына тиесілі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.

Аталмыш заттарды қарақұмық салынған пластикалық ыдыстың ішінде және дәретхана қағазының ішінде жасырып өткізбек болған.

Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда және тергеу изоляторы аумағына тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру