Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да түлектерге ІІМ академиясына қабылдау туралы ақпараттық іс-шара өткізілді

БҚО-да түлектерге ІІМ академиясына қабылдау туралы ақпараттық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастардың қолында тек кана бүгінгі күн емес, ертеңгі болашағымыз да жатыр. Ал болашағымыздың жарқын болуы - ол жастардың еңбегі, ерлігі, сондай-ақ таңдаған жолы.
Мектеп табалдырығын аттап, жол таңдау, мамандық таңдау өмірлеріндегі ең шешуші сәттердің бірі. Ал мамандық таңдауға көмек қолын созу біздің борышымыз.

Сондай мақсатпен  16 қаңтарда БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық пробация қызметі Подстепное а/о "Абай" атындағы гимназиясының 11 сынып түлектерімен кездесу өткізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты - ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында түлектерге дайындалған видеожазба көрсетіліп, олардың сауалдарына толық ақпарат беріліп, сондай-ақ, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында" оқитын курсанттар академияда тегін тұратынын, оқитынын және оқу аяқталған соң жұмыс орны ұсынылатыны жеткізілді.

Іс-шара барысында ҚР ІІО-да қызмет етіп, еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігі мен бейбітшілігі үшін аянбастан тер төгуге ынталы жастардың қызығушылығы арта түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру