Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде тыйым салынған заттарды пошта арқылы ішке өткізбек болған әрекет дер кезінде анықталып, жолы кесілді.

Оқиға мекеменің оперативтік және режимдік бөлім қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алды алынды. Прокуратура өкілінің қатысуымен жүргізілген сәлемдемені тексеру барысында күдік тудыратын заттар табылды. Шай орамының ішінен ерекше иісі бар, қою жасыл түсті өсімдік тектес затпен толтырылған 23 дана шай қалтасы және ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 3 zip-пакет тәркіленді.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, сәлемдеме Ақтау қаласының тұрғынынан жолданған. Аталған дерекке байланысты барлық материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жолданып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Мекеме әкімшілігі бұл жағдайды ерекше бақылауға алып, мекемеге келіп түсетін барлық сәлемдемелерді мұқият тексеру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді. Бұл – қауіпсіздік талаптарын сақтау және тыйым салынған заттардың ішке өтуіне жол бермеу мақсатындағы қатаң шаралардың нәтижесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру