БҚО-да түзеу мекемесінде дін ұстанушы сотталғандармен кездесу өтті
БҚО-да түзеу мекемесінде дін ұстанушы сотталғандармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпан күні БҚО ҚАЖ департаменті РУ-170/3 мекемесінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру инспекторларының ұйымдастыруымен дін ұстанушы сотталғандармен тағылымды кездесу болып өтті.
Шара басында тәрбие жұмысының бөлім басшысы Жангелді Шамшиев сөз сөйлеп, ашып берді.
Кездесу мақсаты – терроризм мен экстремизм бабымен сотталған азаматтарды оңалту жұмысын ұйымдастыру.
Шара барасында «Ақниет» оңалту ақпараттық қоғамдық қорының теолог маманы Избасар Максутов жазасын өтеушілерді кітап оқуға деген құлшынысын арттыру және экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, діни экстремизм мен терроризм мәселелерін алдын алу бағытында зайырлы орталар мен діндар ортаға кешенді ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу кезінде Ислам дінінің құқығы мен ережесін танытып «Абу Ханафи» мазхабының фиқһы бойынша түсіндіріп, сотталғандардың сұрақтарына кітап арқылы дәлелмен жауап берді.