Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттардың енуіне тосқауыл қойылды

БҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған заттардың енуіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ҚАЖД-ға қарасты №28 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен 5517 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қырағылық танытып, заңсыз әрекеттің жолын кесті. Тексеру кезінде бандерольдің ішіндегі темекі қорапшасына ерекше тәсілмен жасырылған "Трамадол" препаратының 95 таблеткасы анықталды.

Есірткі мен психотроптық заттардың түзеу мекемелеріне өтуі – қауіпті құбылыс. Бұл тәуелділікке, заңсыз әрекеттерге және тәртіп бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бақылауды барынша күшейтіп, мекемеге келіп түсетін барлық сәлемдемелер мен бандерольдерді мұқият тексереді.

Бұл жолы үйлесімді іс-қимылдың арқасында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттың енуіне жол берілмеді. Ал заң бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылады. Оқиға қылмыстық-атқару жүйесіндегі бақылау шараларын одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр.

Бас бостандығынан айыру орындарында есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою – қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеттерінің бірі. Мұндай деректер олардың жоғары кәсібилігін, қырағылығын және қызметтік борышына адалдығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру