БҚО-да "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда
БҚО-да "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полицейлер 96 мыңнан астам тұрғын үй мен 1 871 жалдамалы пәтерді, 16 069 саяжай үйі мен 3 198 шаруа қожалығы мен қыстақты тексерді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, барлығы 11 304 адам бақылаудан өтті.
Рейдтер нәтижесінде 25 тіркелмеген қару тәркіленіп, 21 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Көңіл көтеру орындарында ересектердің қарауынсыз жүрген 164 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Тұрақты мекенжайы жоқ 39 азамат қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.
Сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу деректері бойынша мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
