БҚО-да ұрланған заттар иесіне қайтарылды
Орал қаласында белгісіз біреу Краснодарская көшесіндегі ғимараттың қабырғасын бұзып кіру арқылы электр құралдарын ұрлап, жәбірленушіге 1 300 000 теңгеден астам шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының полицейлері осы қылмысты жасауға қатысы бар 1970 жылы туған күдіктіні құрықтады. Ұрланған мүліктер тәркіленді.
Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.