Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да заңсыз аң аулаған ауыл тұрғыны ұсталды

БҚО-да заңсыз аң аулаған ауыл тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен Теректі ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері Volkswagen автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде еліктің бөлшектелген еті  табылып тәркіленді. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция азаматтарға заңсыз аң аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру