БҚО-да заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды
БҚО-да "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция тобы мен приурал полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді.
Іс-шара кезінде Бәйтерек ауданының тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқаны анықталды. Ол 16-26 қазан аралығында Теректі ауданының аумағында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ – Кирсанов қорығында аң аулаған. Күдікті металл қақпандар орнату арқылы заңсыз аңшылықпен айналысқан.
Оқиға орнынан еліктің терісі, екі сирағы, құлағы мен жақ сүйектері және 13 дана металл тұзақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

