Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген күдікті ұсталды

Оралда сувенирлік купюраларды пайдалану арқылы жасалған көпэпизодты алаяқтық фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық полиция басқармасына қарасты Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері сувенирлік банкноталарды қолдану арқылы жасалған көпэпизодты алаяқтық дерегін анықтады.

Тексеру барысында қазан-қараша айлары аралығында күдіктінің номиналы 5 000, 10 000 және 20 000 теңге болатын, сыртқы түрі түпнұсқа банкноталарға ұқсас сувенирлік купюралармен дүкендерде тауар сатып алып, азаматтарды алдағаны белгілі болды.

Мұндай әрекеттер күдіктінің сатушыларды шатастырып, заңсыз пайда табуына мүмкіндік берген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция азаматтарды қолма-қол ақша қабылдау кезінде сақ болуға шақырады: банкноталардың қорғаныш элементтерін мұқият тексеріңіз; қағаздың сапасы, бояуы, бедері және су белгілеріне назар аударыңыз; жасанды немесе күмәнді купюраларды анықтаған жағдайда «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру