БҚО-дағы түзеу мекемесінде жаңа өндіріс орны ашылды
Батыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде жаңа өндіріс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысының түзеу мекемелеріндегі барлық еңбекке қабілетті сотталған адамдарға жұмыс орындарын құру мақсатында қызметкерлер қала және облыс кәсіпкерлерін тарту жөнінде шаралар, бизнесмендердің жұмысы үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды.
Осылайша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша БҚО ҚАЖД-ға қарасты №27 түзеу мекемесінің аумағында «Академем Строй» ЖШС желдету құбырларын өндіру бойынша өз кәсіпорнын орнын ашты.
Осы кәсіпкер қолда бар қуаттар мен өнімнің сапасын көруге шақырылып, оларды жұмыс тиімділігі қызықтырды. Қазіргі кезде бұл кәсіпкер 4 жұмысшыны жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, 10 адамға дейін жұмысқа орналастыруды жоспарлауда.
Бұл іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады және жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жақсартуға әсер етеді.