БҚО колониясында іш киіміне телефон салып кірмек болған әйел ұсталды
БҚО колониясында іш киіміне телефон салып кірмек болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінде тыйым салынған заттардың ену арналарын анықтау және оларды жою бойынша бірқатар жұмыстар үнемі қатаң бақылауда жүргізіліп отырады. Әртүрлі айла тәсілмен жасырып, режимдік мекеменің аумағына кіргізбек болған тыйым салынған заттар мекеме қызметкерлерінің қырағылығының негізінде дер кезінде анықталып, ену жолдары жойылады.
Соның бір дәлелі, 2021 жылдың қараша айында РУ-170/1 мекемесінің тексеру тобының бөлмесінде тексеру тобының қызметкері Д.Өміржанова 1995 жылы туған азаматтық қорғаушы Г. есімді азаматшаны жеке тексеру кезінде іш киімінен жасырынған тыйым салынған бір дана «INOI» маркалы ұялы телефоны мен үш дана «Tele2» байланыс операторының, үш дана «Beeline» байланыс операторының сим-карталарын тауып, тыйым салынған заттардың жолын кескен.
Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабының 1-бөлігі бойынша Г. есімді азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттары Орал қаласының №2 мамандандырылған әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жолданған.