Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД бастығы профессор-оқытушылар құрамымен кездесті

БҚО полиция департаментінің басшысы Жәнгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесуге студенттер де қатысты. Бұл жиын интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналды.

БҚО полиция департаментінің басшысы оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік желілер және телефон қоңыраулары арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық схемалары туралы хабардар болуы қажет екенін  атап өтті. Қазіргі уақытта әккі алаяқтар  өздерін құқық қорғау органдары мен басқа да ресми құрылымдардың қызметкерлерімін деп таныстырып, азаматтардың жеке деректерін және ақшаларын алып қою бойынша әрекет ететінін түсіндірді.

– Соңғы уақытта интернет алаяқтық оқиғаларының саны артты. Әрқайсысыңыз осы қауіптер туралы хабардар болуыңыз қажет. Қылмыскерлер сіздердің деректеріңіз бен ақшаларыңызға қол жеткізу үшін түрлі айла-амалдарды қолданады. Сондықтан белгісіз біреулер қоңырау шалып немесе хабарлама жолдаса, абай болыңыздар, — деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері университеттің оқытушылары мен студенттеріне интернетте қауіпсіз жұмыс істеу және жеке деректерді қорғау бойынша практикалық тұрғыда кеңестер берді. Кездесу барысында студенттер мен оқытушылардың кибер қылмыстан қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында білім беру саласында жұмыстарды  ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері алаяқтар облыс тұрғындарын 150 миллион теңгеден астам сомаға алдап кетті, қаңтар айының өзінде алаяқтықтың 53 дерегі тіркелсе, оның 5 фактісі мұғалімдерге қатысты жасалған.

Бұл шара құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және азаматтарды цифрлық қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру