БҚО ПД-да жеке құраммен кездесу өтті
БҚО ПД-да департамент бастығының орынбасары Н.Жалғасовтың төрағалық етуімен полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер кеңесіне департаменттің барлық жеке құрамы қатысты. Кеңес отырысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл ретте барлық санаттағы полиция қызметкерлерінің әскери тәртібі мәселесі қаралды.
Кеңеске қатысқан БҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жұмашев, Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы С.Блекешев әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша өзекті және проблемалық мәселелер ортаға сала отырып, қызмет барысында кемшіліктер жіберген полиция қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қызметтерін абыроймен атқаруларын талап етті.
Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызы зор.
Алдағы уақытта да мұндай шаралар өз жалғасын табатын болады.