Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейі жауынгерлік самбодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

БҚО полицейі жауынгерлік самбодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусым мен 2 шілде аралығында Қытай еліндегі Макао қаласында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтуде. Чемпионатқа  20 мемлекеттен 250 спортшы қатысты.  

Жарысқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы БҚО ПД полиция қызметкері Қабырайқызы Құралай шақырылған болатын. 

Аталған чемпионатта әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан полиция қызметкері полиция аға лейтенанты Құралай Қабырайқызы 54 келілік салмақ дәрежесінде қатысып, қола жүлдегері атанды. 

Бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Құралай бұған дейін де ұйымдастырылған халықаралық және республикалық жарыстардың қола, күміс және алтын иегері атынып келеді. 

БҚО ПД басшылығы мен әріптестері Құралайды жеңісімен құттықтап, қызметіне жетістіктер және спортта толағай табыстар тілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру