Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері бір аптаның ішінде есірткі жасырумен айналысқан екі жас жігітті құрықтады

БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір апта ішінде екінші есірткі жасырушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын жасырып, тасымалдаумен айналысқан 19 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Ол өзі жедел уәкіл қызметкерлеріне есірткі заттарын жасыру координаттарын көрсеткен. Тексеру барысында жалпы 27 орама табылып, тәркіленді. Ішінде ерекше иісті ақшыл түсті ұнтақ заты бар zip пакеттер болып шықты.

Жауап беру кезінде жігіт ақша табудың оңай жолын тапқанын түсіндіреді. Алайда оның салдары туралы ойламаса керек. Жігіт еш жерде жұмыс жасамайды және оқымайды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұндай қылмыс мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады.

Айта кету керек, жуырда Ақсай қаласында Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері осыған ұқсас есірткі затын жасырумен айналысқан 18 жастағы жігітті ұстаған еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру