Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері пәтер ұрысын құрықтады

БҚО полицейлері пәтер ұрлығын ашып, қаскүнемдерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз күні Орал қаласындағы ескі әуежай ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер ұрлығы орын алған. Бұл кезде үй иелері үйде болмаған, олар қонақта болған. Қылмыскерлер үйге терезе арқылы кіріп, 3 млн 200 мың теңге ақша, алтын бұйымдарды, ноутбук, сондай-ақ 1984 жылы туған үй иесіне тиесілі сейфте тұрған мылтықты ұрлап әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 2020 жылы Жұлдыз және Ескі әуежай шағын аудандарында эпизодтық пәтер ұрлығын жасағаны, бұл үшін  сотталғандары анықталды.

Тінту кезінде ұрланған қару күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен табылды, олар оны үйдің ауласына көміп тастаған. Ноутбук күдіктінің әпкесінен, ал алтын жалатылған білезік алтын зергерлік бұйымдарды сатып алушыға тапсырылған.

Сонымен қатар ұсталғандардың бірінен 300 мың теңге табылып, тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру