Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері қару-жарақтың толық арсеналын тәркіледі

БҚО полицейлері қару-жарақтың толық арсеналын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

Орал қаласының тұрғынынан Калашников автоматы, тапаншалар мен олардың патрондары табылып, тәркіленді. Күдіктіден қаруларды қандай мақсатта жинағанын және қайдан алғаны бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қауіпті олжа 6 тамызда БҚО ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері БҚО ПД жедел әрекет етудің арнайы жасағының қолдауымен «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында анықталды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында БҚО Полиция департаменті күдіктілерді анықтау бойынша нақты жедел жұмыс жүргізуде. Мәселен, Волна саяжай қоғамында тұратын 1970 жылғы Г. есімді азаматтың тұрғылықты жерін тексеру барысында АК-47 автоматы, 5 патроны бар АК-47 тапанша, 7/62 калибрлі АК-47 тапанша, 1944 жылғы Наган оқпаны жоқ револьвер, револьвер сериясы жоқ, 9/19 калибрлі ПМ тапанша, 7, 62х39мм калибрлі 198 патрон, 5, 45х79мм калибрлі 20 патрон, 9х18мм калибрлі 6 патрон, сондай-ақ кісендер табылып, тәркіленді.

Қарудың барлық түрлері бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру