Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері қоян-қолтық ұрыстан облыстық чемпионатта жеңіске жетті

Орал қаласында қоян-қолтық ұрыстан Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылған Батыс Қазақстан облысының чемпионатында тәртіп сақшылары өз бақтарын сынап, жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының 2-і мен 4-і күндері аралығында Орал қаласында қоян-қолтық ұрыстан Жошы ұлысының 800 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 200-ден астам спортшы қатысты. Қоян-қолтық ұрыс спортын одан әрі дамыту, спортшылардың спорттық біліктілігін арттыру, кәсіби дайындығын шыңдау, сондай-ақ,  тамыз айының 8-10 аралығында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына облыс құрама командасына спортшылар іріктеу мақсатында өткен бұл  додаға БҚО полиция департаментінің бірқатар қызметкерлері де қатысты.

Жүлделі ІІІ орын  әр түрлі салмақ дәрежесінде полиция қызметкерлері Рүстем Жұмақұлов, Роллан Асанұлы және Жәнібек Серіковке бұйырса, ІІ орынды Заманбек Ихсанов иеленді.  Ал  І орынды полиция қызметкерлері Бекзат Джангалив, Аслан Утегалиев, Маралбек Кульжанов және Нұрхат Мереев  қанжығаларына байлады.

Өз кезегінде БҚО полиция департаменті тәртіп сақшыларын осынау жетістіктерімен құттықтап, әлі де спорт сайыстарында толағай жетістіктерді бағындыруларын тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру