Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полиция департаменті 2024 жылғы жұмысын қорытындылады

БҚО полиция департаменті 2024 жылғы жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, облыс прокуроры Серік Шалабаев және департамент бастығы Арман Оразалиев қатысты.

Өткен жылы құқық бұзушылықтар саны азайып, профилактикалық шаралардың тиімділігі артқаны атап өтілді. Мұхтар Қожаев тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және алдын алу жүйесін жетілдіру міндеттерін қойды. Ол ішкі істер министрінің нақты тапсырмаларын жеткізіп, полиция қызметінің басты басымдықтарын атап өтті.

Жиын барысында ішкі істер органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және кадрлық саясат сияқты маңызды мәселелер де талқыланды.

Департамент бастығы Арман Оразалиев министрдің облыстық полицейлердің алдына қойған міндеттерді орындауға толық дайын екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру