Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп Lada ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің салонын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушыдан өсімдік тектес заттары бар 9 зип-пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 33 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орама табылып, тәркіленді. 

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру