Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ҚАЖД мекемелерінде орнатылған жаппай бейнебақылау жүйесі қауіпті жағдайлардың алдын алды

БҚО ҚАЖД мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесі қауіпті жағдайлардың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде орнатылған жаппай бейнебақылау жүйесінің маңыздылығы тағы бір рет дәлелденді. 29 қарашадағы кезекшілік кезеңінде №28 және №74 мекемелерінде екі маңызды оқиға тіркелді.

№28 мекемеде сотталған М. есімді азамат өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенді. Оқиға бейнебақылау арқылы дер кезінде анықталып, ахуалдық орталықтың операторы, әділет кіші сержанты А. Каримуллина дабыл берді. Жедел әрекет нәтижесінде сотталғанның өмірі сақталып қалды.

Сол күні №74 мекемеде тыйым салынған затты – ұялы телефонды қолдану фактісі анықталды. Бұл жағдайды да оператор А. Каримуллина байқап, тиісті шаралардың қабылдануына ықпал етті.

Төтенше жағдайларда жедел әрекет еткен мекеме қызметкерлерінің еңбегі де атап өтілді. №28 мекеменің кезекші ауысымының қызметкерлері, оның ішінде әділет капитаны Е. Мақсотов, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін сотталғанға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал №74 мекеменің режим бөлімінің бастығы әділет капитаны А. Гариполлин және әділет аға лейтенанты Е. Даулетов тыйым салынған затты тәркілеу жұмыстарын сәтті жүзеге асырды.

Кәсіби міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Ж. Әбдіқайыров атынан барлық қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру