Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Браконьер»: Шымкентте қаруды тасымалдау ережесін бұзған 21 тұлға анықталды

Шымкентте қаруды тасымалдау ережесін бұзған 21 тұлға анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге және экологиялық құқық бұзушылықтарды ашу мақсатында 20 қазан мен 20 қараша аралығында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде: екі заңсыз аңшылық жайты (Бадам су қоймасында үйрек атушылар) анықталып, бір тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігімен (Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу) айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау дерегінің бір жайты Бадам өзені жағасында анықталып, азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) айыппұл салынды.

Аңшы қаруын тасымалдау, алып жүру қағидаларын бұзғаны үшін 21 тұлғаға қатысты әкімшілік шара көрілді. Базарда заңмен тыйым салынған ау сатқан тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабымен (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) айыппұл салынды.

Сонымен қатар Арыс қаласынан заңсыз 113 келі балық тасымалдаған тұлға ұсталып, шара көру үшін балық инспекциясына жолданған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру