"Браконьер" ЖПІШ: Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды
"Браконьер" ЖПІШ: Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер жануарлар мен өсімдіктерді қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша шаралар жүргізуде. Іс-шара басталғалы бері балық аулау және аңшылық қағидаларын түрлі деңгейде бұзғаны үшін 60 азамат жауапқа тартылды.
Екібастұз өңірінде балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін 7 адам, ал қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 6 қару иесі жауапқа тартылды.
Павлодар облысының полиция департаментінің хабарлауынша, рейдтік іс-шаралар барысында ГРЭС-1 су қоймасында рұқсатсыз әуесқойлықпен балық аулау фактісі анықталды. Жергілікті тұрғын бекітілген су айдынында балық аулауға жолдамасының жоқ екеніне қарамастан әуесқойлықпен балық аулаған.
Аталған әрекет – Қазақстан Республикасының балық аулау қағидалары талаптарының бұзылуына жатады. Аталған құқық бұзушылық бойынша ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданды
Сонымен қатар полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
