«Бұлай жасама!»: жүргізуші жол жүрісі қағидасын бұзушыны видеоға түсіріп алды
Жол жүрісі қағидасын бұзған жүргізушіні басқа жүргізуші видеоға түсіріп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қаңтар күні Астана – Щучинск жол учаскесінде қозғалыс қалыпқа келіп, қар тазартылған соң, полиция жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігі үшін көліктерді бағандармен сүйемелдеуді ұйымдастырды.
Жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан, BMW жүргізушісі қатарды бұзып, бірнеше рет жолақты ауыстырып, жаппай жол апатына әкелетіндей әрекеттер жасады.
Оның барлық қозғалысы видеоға түсірілген.
Полиция жүргізушіні тоқтатып, маневр жасау ережелерін бұзғаны және апатты жағдай жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Материалдар сотқа жіберілді. Айта кету керек, апатты жағдай жасағаны үшін көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды мұқият әрі жауапты болуға, ережелерді сақтауға шақырады, бұл жолдардағы қайғылы оқиғалардан аулақ болуға көмектеседі.