Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабайда қауіпсіздік күшейтілді

Бурабай курорттық аймағында туристердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жағажайлардың тек демалыс орны емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтар тіркелуі мүмкін аймақ екенін ескертеді. Алкоголь ішу, белгіленбеген жерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдыру – мұның бәрі полицияның бақылауын қажет етеді. Сондай-ақ жағалаудың ластануы мен су жанындағы тәртіп ережелерінің сақталмауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бурабай курорттық аймағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн сайын 10-ға жуық полиция жасағы жұмыс істейді. Олар жағалауды патрульдеп, құқық бұзушылықтардың алдын алады. Кентте арнайы полиция пункті де бар. Бірақ басты мақсат – қонақтарға қауіпсіз әрі жайлы демалыс жағдайын жасау.

23 шілдеде полиция тағы бір рейд өткізді. Оған төтенше жағдайлар департаменті мен ұлттық парк қызметкерлері де қатысты. Демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп ережелері түсіндірілді.

Осындай шараларды демалушылардың өздері де қолдайды. Жаз басталғалы бері Бурабай аумағында 120-дан астам алкоголь ішіп, мас күйде қоғамдық орында жүру фактісі тіркеліп, 75-тен астам ұсақ бұзақылықтың жолы кесілген.

Айта кетейік, рейдтер тек Бурабайда ғана емес, аймақтағы барлық жағалауларда жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру