Бұрқасын, боран, қалың қар: қолайсыз ауа райында полиция жолдардағы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті
Ішкі істер министрлігі өткен тәулікте көлік құралдарын сүйемелдеу мен жолдардағы шектеулер туралы мәліметпен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қаңтарда еліміздің cегіз облысында 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында.
Тәулік ішінде полиция 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар.
4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде шамамен 4 500 көлік құралын сүйемелдеу ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.