Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотталған петропавлдық полицейге шабуыл жасады

Петропавлда билік өкіліне шабуыл жасау фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамыр кешкі уақытта «102» арнасына Горький көшесіндегі үйдің ауласындағы балалар алаңында мас ер адамның жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру бойынша жақын маңдағы автопатруль мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жаяу наряды тексеруге барған. Полицейлер келген кезде құқық бұзушы қарсылық көрсеткен, дөрекі сөздер айтып, тәртіп сақшыларының біреуіне жұдырық ала ұмтылған. Полицейлер кісен салуларына тура келген. Тексеріс барысында құқық бұзушының бұрын бұзақылық жасағаны, суық қаруды заңсыз сақтағаны және билік өкілін қорлағаны үшін сотталған 38 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Медициналық куәландыру масаңдық деңгейін көрсетті. Ер адамға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша материал жиналып, сотқа жолданды.

– Бұдан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша материал жиналды, — деп қоса кетті Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. — Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды не үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру