БҰҰ ЕҚБ өкілдері Алматы облысының колониясына барды
БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері жұмыс сапарымен Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар барысында БҰҰ ЕҚБ бағдарламасының халықаралық менеджері Вера Ткаченко және Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Мадина Сариева ҚАЖ департаментінің бастығы Бақытжан Шәріпбековпен бірге №12 мекемесін аралады.
Қонақтарға мекеменің тұрғын және өндірістік аймақтары көрсетіліп, сотталғандардың үй жайлары таныстырылды. Сонымен қатар мекеме базасында департамент басшылары мен өкілдерінің, мекеме басшылары мен колледж директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында қатысушылар сотталғандармен жұмыс жөніндегі бірлескен бағдарламаны іске асыру жолдары мен оның тиімділігін талқылады.