Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұзылған автобустың 39 жолаушысына көмек берілді

Қызылордалық полицейлер бұзылған автобустың 39 жолаушысына көмек берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

28 желтоқсан күні Қызылорда-Павлодар тас жолының 140 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкент қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы аяқ астынан бұзылып, жолда тоқтап қалған.

Сол аумақта қызмет атқарып жүрген Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Жандос Смайлов пен Қаршыға Тажбенов Төтенше жағдайлар департаменті, "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлерімен бірігіп, бұзылған автокөліктің жүргізушісі мен 39 жолаушысына көмек көрсеткен.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, бұзылған автокөлікті сүйреп Қызылорда қаласына жеткізген.

Ал жолаушыларды басқа жеңіл автокөліктерді тоқтатып, Шымкент қаласына қарай мінгізіп жіберген.

Ауа райының тұрақсыздығына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол жүру кезінде мұқият болуды және шұғыл қызметтердің хабарламаларына назар аударуды сұрайды.

Көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, күрделі маневрлер жасамай, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтау қажет. Көктайғақ күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Сол себепті жолда абай болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру