Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Былтыр Түркістан облысында полицейлер ұрланған 500-ге жуық малды иелеріне қайтарды

Былтыр Түркістан облысында полицейлер ұрланған 500-ге жуық малды иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактика жылы аясында Түркістан облысының полицейлері қарқынды жұмыс жүргізіп, түсіндірме шараларына баса назар аударды. Полицейлердің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысып жүрген 19 қылмыстық топ құрықталып, 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 47 мал ұрлығына қатысы бары анықталды.

Жалпы өткен жылы 615 бас мал ұрланған болса, оның 474 бас малы өз иелеріне қайтарылды.

Осы ретте полицейлер мал ұрлығының алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру